сейсенбі, 5 қараша, 2024 20:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жалған құжат жасаған топ ұсталды

Жалған құжат жасаған топ ұсталды
фото: скрин
Мемлекетке заңсыз әрекеттерден келтірілген залал шамамен 320 млн теңгеден асты.

Ішкі істер министрлігі азаматтар мен мемлекетке миллиондаған шығын келтіретін ұйымдасқан қылмыстық схемаларды анықтау бойынша кешенді жұмыс жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Арнайы жедел шаралар барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісі прокуратураның көмегімен Алматы қаласында көлік құралдарын тіркеуге қоюдың қылмыстық циклін анықтады. Топ көлік құралының бірегей кодын өзгерту және құжаттарды қолдан жасау арқылы автокөліктерді тіркеумен айналысқан. Нәтижесінде, VIN-кодтарды өзгертумен айналысқан жерасты цехының жұмысы әшкереленді. Тіркеуге заңсыз қойылған 150-ден астам автокөлік анықталды.

– Қылмыстық іс-әрекетке арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің және делдалдардың қатысы анықталды. Бір дропперге 50 автокөлікке дейін тіркелген. 17 күдікті ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. АЕҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп тексеру жалғасуда, – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.

Мемлекетке заңсыз әрекеттерден келтірілген залал шамамен 320 млн теңгеден асты.

Алаяқтық, мәліметтер базасындағы ақпаратты заңсыз өзгерту мен көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлерін қолдан жасау фактілері бойынша 17 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар