Қоғам

Ресейлік әскери техника газ құбырын зақымдады

Қазанның 20 күні таңертең Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы Сайхин ауылына ресейлік әскери техника кіріп, газ құбырын бүлдірді.

Ресми мәлімет таратқан аудан  әкімдігі  өңірде ресейлік  екі әскери база бар екенін айтқан.  Екі ел арасындағы келісмге сәйкес аталған әскери базалардағы техникалар  полигонға барарда  ауыл сыртындағы жолдарды пайдалануы керек.  Алайда  соңғы бірнеше күнде  жауған жаңбыр салдарынан  әскери техника далалық жолдармен   жүре аламған. Сөйтіп   ауылға кірген және бір техника бұрылу кезінде газ құбырын соққан. Бірақ  құбыр зақымданбаған көрінеді.

Видеодан  Сайхин ауылына кірген  ресейлік әскери техника С-300 зениттік зымыран кешені дивизионына ұқсайды. Ауылға 5 техника кіргені мәлім болды. Бірақ  оларға жол көрсетіп, ілесіп жүруге ешқанадй полиция көлігі қарастырылмаған. Екі ел арасындағы  келісімде де мұндай талап көрсетілмеген.

Жалпы ресейлік әскери техниканың Қазақстан жерінде бейнетаспаға түсіп қалуы соңғы жылдары  жиі байқала бастады. 2022 жылы сәуірде Бөкейорда ауданында  ресейлік әскерилер Бөрілі ауылына кірген. Дүкеннен зат алуға кірген  сарбаздардың әрекеті  жергілікті тұрғындарды алаңдатқан еді.