жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 19:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әзіл үшін жедел жәрдем шақырған: айыппұл төледі

Әзіл үшін жедел жәрдем шақырған: айыппұл төледі
Иллюстративное фото ©Турар Казангапов
Жедел жәрдем бригадасы шақыруға шыққанда, тұрғын "пранк" ұйымдастырғанын айтты

Ақтау тұрғыны әзіл үшін жедел жәрдем бригадасын шақырған. Енді оған 80 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Бұл жайында Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі  хабарлады. 

“Оқиға 14 қазанда болды. "103" жедел желісіне тұрғынның көп мөлшерде дәрі-дәрмектерді қабылдағаны туралы Ақтау қаласының тұрғынынан шақыру келіп түсті. Жедел жәрдем бригадасы шақыруға шыққанда, тұрғын "пранк" ұйымдастырғанын айтты”, –  деді медициналық мекеменің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты шақыру ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 438-бабына сәйкес жалған болып тіркелді. Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыртқаны үшін Ақтау қаласының тұрғынына 80 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар