Шерзат Болаттың өліміне қатысы бар деген күдікпен тағы бір адам ұсталды
Талғарда Шерзаттың өліміне қатысты іс бойынша барлығы 11 адам ұсталды
Полиция қызметкерлері 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысы бар деген күдікпен тағы бір адамды ұстады.
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 17 қазан күні Шерзатты өлтіру дерегі бойынша жүргізілген қылмыстық істі тергеу аясында К. есімді тағы бір күдікті ұсталған.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.
Осылайша, Талғарда Шерзаттың өліміне қатысты іс бойынша барлығы 11 адам ұсталды.
Бұған дейін аталған іске қатысы бар 10 күдікті қамауға алынғаны жөнінде хабарлаған едік.