Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты eGov.kz порталы уақытша істемейді.
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты 29 ақпанда сағат 22:00-ден 1 наурыз 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты 29 ақпанда сағат 22:00-ден 1 наурыз 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы oimaqnews.kz egov.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. Бірыңғай UTC +05.00 уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 22:00-ден 2024 жылғы 1 наурызда 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақыт аралығында келесі жүйелер уақытша істемейді: eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері; egov mobile мобильді қосымшасы; «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі; «Техникалық бақылау» бірыңғай ақпараттық жүйесі; «e-Otinish» электрондық өтініштер қызметі. Сонымен қатар «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін.