бейсенбі, 21 қараша, 2024 21:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Абай" Мәскеуде 66 жылдан кейін сахналанды

"Абай" Мәскеуде 66 жылдан кейін сахналанды
Фото: gov.kz
Бұл көлемді туынды 70 жылдан астам уақыт бұрын жазылған

«Астана Опера» әртістері Мәскеудегі Үлкен театрдың Жаңа сахнасында «Абай» операсын 66 жылдан кейін қайта сахналады,  деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Қойылым алыс-жақын шетелдердің үздік опералары келетін «Видеть музыку» халықаралық фестивалі аясында көрсетілді.

Қойылымды тамашалауға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, РФ Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев және басқалар қатысты.

«Бүгін екі елдің мәдени өміріндегі тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз. Шараның рухани және эстетикалық маңызы зор. Әрі терең әлеуметтік-гуманитарлық мәні бар. Өйткені мәдениеттің халықтар арасындағы шынайы, таза және мәңгілік достығын сақтап, барлық кедергілерді еңсере алатынын көріп, естіп, сезініп отырмыз», - деді Аида Балаева.

«Абай» қойылымы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті дирижер Алан Бөрібаев, режиссер Джанкарло дель Монако, сценограф Эцио Фриджерио, костюм бойынша суретші, «Оскар» сыйлығының лауреаты Франка Скуарчапино сынды танымал тұлғалардың арқасында көрерменге жол тартты.

Бұл көлемді туынды 70 жылдан астам уақыт бұрын жазылған. Опера алғаш рет 1944 жылы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында қойылды. Бірнеше рет ең беделді халықаралық сахналарда көрсетілді. Мәскеуде «Абай» операсы алғаш рет 1958 жылы Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігі аясында көрерменге жол тартты. Ал бүгін Үлкен театр сахнасында дебют жасады.

Қойылым ресейлік көрерменнің көңілінен шығып, лық толы зал қазақ өнеріне деген шынайы ықыласын көрсетті. Кеш соңындағы қалың жұртшылықтың құрмет-қошеметі «Абай» операсының жарқын жетістігінің, оның екі ел арасындағы мәдени байланыстағы маңызды рөлінің айқын дәлелі болды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар