Спорт

Діннің қате ағымына кетіп қалған спортшыларымыз бар – Серік Жарасбаев

Мәжіліс қарауына ұсынған Спорт туралы заң жобасына терроризм мен эктремизмге қарсы нормалар енгізілмек.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Мәжіліс қарауына ұсынған Спорт туралы заң жобасына терроризм мен эктремизмге қарсы нормалар енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда көптеген спорт түрлерінде өзіңіз айтып отырғандай, діннің қате ағымына кетіп қалған спортшыларымыз бар, өкінішке қарай. Оны білеміз, тізімі бар. Спорт туралы заң жобасына терроризм мен эктремизмге қарсы нормаларды енгізіп отырмыз. Оны депутаттар қолдады», - деді Жарасбаев.

Аталған мәселе Мәжілісте спорт мәселесі талқылған кезде көтерілді. Депутат Жигули Дайрабаев кейбір спортшылардың сақалының өсіп кеткенін сынға алған. Ол дінге берілсе, «олар мешітке барып намаз оқысын» деп те өткір айтқан болатын.