Астанада саунаның әкімшісі 3 миллион теңге жымқырған, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда полициясына 35 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түсті.
Саунаның иесі кассадан шамамен 3 миллион теңге жымқырылғанын хабарлаған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, аталған мекеменің 34 жастағы әкімшісі бұл іске күдікті ретінде анықталды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйел жұмыс барысында келушілерден түскен ақшаның бір бөлігін кассаға салып, қалғанын өз шотына аударып отырған. Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.