Түркияда жер сілкінді
Жер сілкінісінен соң сейсмологтар 20-дан астам афтершок тіркеген.
Түркияда магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі болды.
Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді. Күшті жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 10:46-да Малатия провинциясынан шығысқа қарай 44 шақырым жерде болған.
Жер сілкінісінің ошағы шамамен он шақырым тереңдікте болған. Әзірге зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жөнінде ақпарат жоқ.
Жер сілкінісінен соң сейсмологтар 20-дан астам афтершок тіркеген.