Аслан Қасымбаев қызметтен шеттетілді
Талғарда әлеуметтік желіде есімі көп аталған шенеунік қызметінен кетті.
Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметтен шеттетілді. Аудан әкімі мен оның орынбасары сөгіс алды.
Бұған дейін кейбір БАҚ Қасымбаевтың «хуторлық» бандиттермен байланысы туралы жазған болатын. Алайда бүгін ІІМ-де өткен брифингте мұндай ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы есепте тұрмайтынын мәлімдеді.
«Хуторлықтардың» лидері деп аты шыққан Хасан Қасымбаев Орда басылымына сұхбат беріп, өзі жөнінде әлеуметтік желіге тараған ақпараттың бәрін жоққа шығарған болатын. 16 жастағы Шерзатты өлтірілгеннен кейін желі қолданушылары қылмысты ағайынды Хасан, Аслан және Ержан басқарған «Хуторлықтар» бандасының қызметімен байланыстырып, көп ақпарат таратқан. Тіпті Хасан ҚаТасымбаевтың суреттерін жариялаған.