Тағы да сарбаз өлімі: оқиға Приозерскіде болған
Қорғаныс министрлігіне қарасты 06708 әскери бөлімі сарбаз өз-өзіне қол салды.
Қатардағы жауынгер екі апталық әскери қызметтен кейін осыдай қадамға барған. Орда.кз басылымы Қорғаныс министрлігі оқиғаны растағанын жазды.
«14 қазанда Приозерск гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді басшы бекітілген қарудан өзінің басынан оқ атты. Іс әскери қызметті өткерумен байланысты емес. Алдын ала мәліметтер бойынша, әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өз-өзіне қол жұмсаған. Қылмыстық іс қозғалды, мән-жайлар анықталуда», - деп хабарлаған ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.
Ведомство сарбаздың туыстары мен жақындарына қажетті көмек көрсетілетінін мәлім еткен.