Спорт

Бішкекте бильярдтан әлем чемпионаты басталды

Ақпанның 26 күні Қырғызстан астанасы Бішкекте бильярдтан әлем чемпионаты басталды.

Турнир «комбинацияланған пирамида» дисциплинасында  өтеді.  Жарысқа Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан, Түркіменстан, Қытай, Түркия, Ауғанстан,  Монголия, АҚШ, Германия, Иран, Швеция, Сербия, Ресей және Беларусь  елдерінен 128 ер, 17 әйел спортшы қатысып жатыр

Чемпионат 3 наурызға дейін созылады. Бірер күн бұрын, 22-25 ақпан аралығында бильярдтан юнерлар (U-19) арасындағы әлем чемпионаты өткен болатын. Ол турнирде ресейлік Илья Зеленин чемпион болды.

Ал ересектер арасындағы чемпионаттың  жүлде қоры 37 мың доллар.

Oimaqnews