бейсенбі, 21 қараша, 2024 23:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Динара Зәкиева Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Динара Зәкиева Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: mobillegends.net
Уәкіл өрттен қаза тапқан балалардың жақындарына психологиялық көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қостанай облысында өрттен қаза тапқан балалардың жақындарына психологиялық көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

«Өрт сөндірушілер өртті таңғы сағат 06.08-де сөндірген. Тілсіз жау басталғанда үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған алты бала ата-анасының қарауынсыз отырған. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешке танысының үйіне кеткен, ал жұбайы жазасын өтеу мекемесінде. Өңірлік уәкіл оқиға орнында. Психологтер балалардың туыстарына қажетті психологиялық көмекті көрсетіп жатыр. Ата-ана мен жақындарына көңіл айтамын», – деп жазды Динара Зәкиева.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар