"Екі бала қаза тапты": ақпарат шындыққа жанаспайды
Полицейлер көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Әлеуметтік желілерде Астанадағы №37 мектептің маңында төбелес болып, адам қаза тауып, бірнеше адам ауруханаға түскені жайлы ақпарат тарады.
Елордалық полиция департаменті ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
«Төбелестің өзі, сондай-ақ онда қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - делінген Астана полициясының хабарламасында.
Полицейлер көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.