Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 491- 496 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 11 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 490,84 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,04 теңге.
Еуро — 536,88.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 492,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 494,4 теңге. Еуро 537,3 — 541 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 491 теңге, сатып алу құны — 496 теңге. Еуро 535 теңгеден сатылып, 542 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00 — 5,14 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 10 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,25 теңгеге қымбаттап, 491,74 теңге болған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.