жұма, 22 қараша, 2024 8:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Суперқаһарман шенеуніктерден көшені жарықтандыруды талап етті

Суперқаһарман шенеуніктерден көшені жарықтандыруды талап етті
фото Жаңа адамдар
Бейнеүндеу тиісті тұлғаларға бағытталған

Қыркүйек айында Жаңа адамдар жастар қозғалысының белсенділері Алматының жарығы жоқ аудандарына бірнеше рейд жүргізді. Тексерісті жарық пен әділдіктің символы болған —  суперқаһарман «Лайтмен» басқарды. Өкінішке орай, рейд барысында жарық атымен жоқ немесе істен шыққан көп орындарды анықтады, бұл алматылықтардың қауіпсіздігіне қосымша қауіп төндіретіні белгілі.

Суперқаһарманның назары Алматының дәл орталығында орналасқан — жарықсыз қалғанына төрт жыл болған М. Әуезов көшесі, 126А мекенжайындағы аулаға ауды. Ол жерде 100-ден астам адам – жергілікті тұрғындар мен Жаңа адамдар қозғалысының белсенділері «Лайтменнің» басшылығымен жиналып, әкімдік пен коммуналдық қызметтерге мәселені шұғыл шешуді талап етіп, ұжымдық бейнеүндеу жазды.

Тұрғындар жарықсыз көшеге жауапты үш негізгі тұлғаға өз жолдауын шам көмегімен жеткізді. «Соқыр Трио! Жарық бер!» сөз тіркесі келесі тұлғаларға бағытталған:

- Алматы қаласы, Бостандық ауданының әкімі —Алин Санджар Мендибаевичке;

- Инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің бастығы — Мұқанәлі Асыл Багдатовичке;

- «Алматы Қала Жарық» ЖШС директоры — Игорь Мысык Ивановичке.

Тұрғындар шенеуніктерден М. Әуезов көшесіндегі және қаладағы осындай жағдайдағы басқа да жерлердегі жарықты қалпына келтіруді талап етті.

 

Бейнеүндеу тиісті тұлғаларға бағытталған. Бұл жолдау қалалық биліктің нақты шаралар қабылдауына түрткі болады деп үміттенеміз.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар