Қорғаныс министрінің әйелі әскери тікұшақ пен сарбазды жинап, клип түсірген
- авторОймақ
- 10 қазан, 2024
- 169
Күні кеше Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жанғұлин министр Руслан Жақсылықов пен әйелінің фотоссесиясына қатысты түсініктеме берген еді. Фотосессияда Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен әйелі және балалары әскери форма киіп, суретке түскенін Azattyq Rýhy сайты жазған еді.
Руслан Жанғұлиннің айтуынша, Қазақстанда кез келген адам фотосессия жасай алады. Әйелінің киіміндегі көп медаль туралы айта келе ресми өкіл «министрдің зайыбы да әскери қызметкер. Ол ұзақ жылдан бері Ұлттық ұланның ән мен би ансамблінде қызмет етеді. Кеудесіндегі медальдар – мерейтойлық медальдар» деген еді.
Бұл тақырыпты қаза келе редакция өте қызық ақпаратқа тап болды: қорғаныс министрінің қазіргі әйелі осыдан сегіз жыл бұрын жеке клип түсірген әнші болып шықты. Ең қызығы және маңыздысы - ол клипіне Ұлттық ұланның әскери тікұшағын, бәлкім актер болуы да мүмкін, бірақ, өте көп сарбазды, Ұлттық ұланның ірі-ірі әскери техникасын, оның туын пайдаланған.
Клиптің сюжеті бойынша, қорғаныс министрінің әйеліне жас сарбаз ғашық болады.
Енді ресми мәліметтерді салыстырсақ: қазіргі қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 2014 жылы сәуірде генерал-лейтенант атағын алып, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы міндетіне кіріседі.
Ал, оның қазіргі әйелінің Ұлттық Ұланның әскери техникасын пайдалана отырып түсірген клипі 2015 жылы 17 желтоқсан күні ресми жарыққа шығады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде итті аяусыз пышақтаған бала бұған дейін де мектепішілік есепте тұрған
- авторОймақ
- 3 қараша, 2024