Қоғам

Оқушы қыздар ақша бопсалаған: директор қызметінен кетті

Бұл ақпаратты әкімдік растады.

Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылындағы оқушылардың қатарласына күш көрсетіп, ақша бопсалаған шудан кейін мектеп директоры қызметінен кетті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткен қыздардың оқиғасынан кейін Кемертоған орта мектебінің директоры Дархан Накысбеков орнын босатты.

Бұл ақпаратты өңір әкімдігі растады.

«Мектеп директоры өз өтініші негізінде жұмыстан босатылды», – деп атап өтті Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жасар оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, оларды жауапқа тартты.