Марат Қожаев ант берді
Ол ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің құрамына сайланды.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Марат Қожаев депутат ретінде ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деді М. Қожаев.
Сонымен қатар жалпы отырыста ол ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің құрамына сайланды.