Қоғам

Рамазан айы 11 наурызда басталады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Шариғат және пәтуа бөлімі бекіткен күнтізбеге сәйкес, биыл Рамазан айы 11 наурызда басталады.

Қадір түні 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түнге түсіп тұр. Ораза айт – 10 сәуір.

Биыл құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға келеді.

Мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.