сенбі, 23 қараша, 2024 5:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Turkish Airlines әуе компаниясының ұшқышы рейсті орындау бағытында көз жұмды

Turkish Airlines әуе компаниясының ұшқышы рейсті орындау бағытында көз жұмды
фото: pixabay.com
Әуе кемесі Нью-Йоркке шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Turkish Airlines әуе компаниясының ұшқышы Сиэтл – Стамбұл бағытындағы рейсті орындау барысында көз жұмды.

Әуе кемесі Нью-Йоркке шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Оқиға 8 қазанда болған. Ұшақтың 59 жастағы пилоты Ильчехин Пехливан әуе сапары кезінде есінен танып қалған. Экипаж оған алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Ұшақтың екінші ұшқышы шұғыл түрде Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайына қонуға сұраныс жасады. Жолаушылар Стамбұлға басқа рейстермен жеткізілді.

Turkish Airlines өкілдерінің айтуынша, пилот Пехливан Ильчехин үнемі медициналық тексерістерден өтіп жүрген және денсаулығына байланысты ешқандай мәселе анықталмаған. Соңғы тексеріс наурыз айында өткен.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар