сейсенбі, 5 қараша, 2024 21:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Адамзат өркениетінің өресі биік өнегелі өлшемі – оқыту жүйесі

Адамзат өркениетінің өресі биік өнегелі өлшемі – оқыту жүйесі
фото: ашық дереккөз
«Алматыкітап» баспасы онлайн-ассистенттің қазіргі білім беру саласындағы қиындықтарды жеңуге көмектесетін «Қамқор» атына сай, ең сенімді көмекші болатынына сенімді.

Адамзат өркениеттінің өрісі биік өнегелі өлшемі – оқыту жүйесі болып табылады. Соның ішінде мектеп -  білім мен тәрбие берудің басты буыны, ал оқулықтар ыңғайлы құралы, қайнар бұлағы. Бүгінгідей цифрлық заманда оқыту процессі компьютерлік, аудиовизуалдық, цифрлық сынды білім берудің сан түрлі құрал-саймандары мен әдіс-тәсілдеріне көшкенімен, ілімнің ең ілгері күші - қағаз оқулықтар болып қалуда. Ешбір заманауи технологиялар кітаптың рөлі мен әсерін әлсірете алмай отыр. Себебі, жоғарыдағы тізілгендердің барлығы дерлік  өз негізін дәл осы – кітап мазмұны арқылы қалайды. Содан шығар сапалы оқулық жазу, оны ұрпаққа ұсыну жауапты іс саналып, жиі қоғам талқылауына түседі. Бұл да орынды. Өйткені, оқулықтардағы олқылықтар кейінгі буынның оза шабуына кедергі екені есті елдің көбіне аян.

Сапалы оқулық әзірленбес бұрын, пәннің мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты мен оқу бағдарламасында белгіленеді. Көркем шығармалар мен ақын-жазушылардың тізімі бағдарламада әр сынып, әр пән бойын­ша беріледі. Содан соң, баспалар авторлық құрамды бекітіп, оқулықтар құрастырады. Баспада дайындалған жобалар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті «Республикалық  ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы» Мемлекеттік кәсіпорнына бағытталады. Уәкілетті орган мамандары жаңа оқулықтарды үш этаптық сараптамадан өткізгеннен кейін ғана, мектеп ұстаздарының таңдауына ұсынуға құзыретті.

Осы ретте жақсы оқулықтың  жасалу шартына да тоқталған жөн шығар. Ол - мән-мазмұны мол, мәтіндері оқуға жеңіл, ойы жинақы, көркемдік қуаты жоғары, тапсырмалары түсінікті кітап жобасы болып саналады.  Осындай талаптарға сай оқулықтар ғана оқыту процессін оңтайландырып, оқушыға жақсы әсер қалдырып, шәкірттің ілімге деген ынта-ықыласын арттырары анық.  Сонымен қатар, маз­мұ­ны мемлекеттік білім стандартына сай болуы да қатаң талап.

Қазіргі таңда балма оқулықтар да, оларды шығаратын баспалалар да самсап тұр. Солардың арасынан оқытуға оңай, көңілге  қонымдысын таңдау оқушылар мен оқытушыларға  қиындық тудыруда. «Нұсқа көбейген сайын, таңдау да соғұрлым қиындай түседі» дегендей, нарық заманында сырты жылтырағаннан арасынан сапалысын шатаспай табу машақатты жұмысқа айналды. Оның үстіне жыл сайын отандық оқулықтардағы оқылықтар мен қателер туралы дау-жанжал мен шағым-арыз да өршіп тұр. Осы және басқа факторлар қоғам ішінде отандық оқулықтар авторларына сенімсіздік тудыруда.  

 Оқулықтар мәселесі саналы азамат ретінде мені де бейжай қалдырмады. Сондықтан   тәуелсіз сарапшы ретінде отандық оқулықтар мазмұның зерделуге көштім. Қолыма бірнеше ірі баспалардың оқулықтары түсті.  

Осы орайда баспа оқулықтарының авторлары профессор, ғылым кандидаттары мен өңірлік мектептердегі үздік ұстаздар құрайды екен. Араларынан аса есте қалғаны Роман Алауұлының Қадырқұловтың «Цифрлық сауаттылық» оқулығы болды. Оқу материалында ұлттық құндылықтарды дәріптей келе, жасөспірімдердің санасына өз ұлты пен ұлысына деген құрметті насихаттау алға қойылыпты. «Цифрлық сауаттылық» пәні техникалық бағыттағы білім бола тұра, техника тілін көркемдеп, оқушыларға түсінікті тілде шебер жеткізіпті. Оқулықтың пәндік мазмұны бастауыш сыныптардағы ортақ тақырыптармен сәтті ұштастырылыған.  Ішіндегі тапсырмалар -  қоршаған ортаның әсемдігіне, қазақ халқының және басқа халықтардың өнер туындыларына, киіз үйге, оның жабдықтарына, тұрмыстық заттарға, ойыншықтарға, сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылықты дамытуға бағытталғаны анық көрініп тұр. Әсіресе оқулықтағы «Scratch» программалау ортасы, робот техника бөлімдерінің пәндік мазмұны жақсы жазылған. Программалауды бастауыш сыныптан үйрету, оқушылардың ойлау және талдау қабылеттерін жақсы дамытатынын ескерсек, аталған бөлімдердің мазмұны әр түрлі шығармашылық тапсырмалар арқылы жан-жақты ашылған.  Сондай-ақ, оқулықтарға аудио және визуал материалдары бар OR-кодтар мен ұстаздарға ең қажет қысқа мерзімді жоспарлар  енгізіліпті. Бұл да бұл баспаның оқулықтарының басым артықшылығы екен.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының 2022 жылғы                          16 қарашадағы №01-13/423 хатына сәйкес, 2023 жылға арналған Тақырыптық жоспарды қалыптастыру бойынша бастауыш сыныптарға арналған «Цифрлық сауаттылық» оқулықтары электрондық нұсқада әзірленетін болды. Сол себептен қазіргі таңда, «Цифрлық сауатттылық» Алматыкітап баспасының өз қаражатына жасалған «TopIQ.kz» білім беру платформасына енгізілді.    «TopIQ.kz» платформасында 147 электрондық оқулық, мектепке дейінгі білім беру құралдары жəне көркем əдебиет орналастырылған.                           Интерактивті тапсырманың бəрі логикаға, креативті ойлау мен есте сақтау қабілетіне лайықталған. Қосымша,  платформаға биылдан бастап жасанды интеллект модельдері негізінде «Qamqor» атты  көмекші құрыл кірістіріліпті. ЖИ негізіндегі көмекші оқушыларға қателерді түсініп, түзетуге, сондай-ақ күрделі тақырыптарды тереңірек зерттеу үшін қосымша ресурстарды ұсына отырып, бірден кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Оқушылар өз сұрақтарына тез әрі дер уақытында дұрыс жауап алып, күрделі тақырыптарды түсініп, тапсырмалар бойынша ұсыныстарды көре алады. Ал мұғалімдер болса, сабақ жоспарларын жылдам жасау арқылы дайындыққа кететін уақытты үнемдейді. Ассистент материалды қайталамай, білім берудің маңызды аспектілеріне назар аударуға мүмкіндік береді

Мұғалімдерге көп-көрім көмек болар платформадағы «Qamqor» онлайн-ассистенті 2 сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқулығына   сынақ режимінде енгізіліп, апробациялық мектептердегі оқытушылар мен оқушылардың жоғары бағасын еншілеуде.

«Алматыкітап баспасы» өз тарапынан, платформаға енгізілген онлайн-ассистент қазіргі білім беру саласындағы сынақтарға төтеп беретін, Қамқор атына заты сай, ең сенімді көмекші болатынына сенімді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар