Қоғам

Астана халықаралық әуежайы терминалынан өрт шықты

Астана халықаралық әуежайының терминалынан өрт шыққан

Астана әуежайында жолаушылар эвакуацияланған еді. Оның себебі белгілі болды. 

Бүгін таңертең Астана халықаралық әуежайының терминалынан өрт шыққан.

"112 пультіне Астана қаласы халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін шығып жатты. Жолаушылар эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, сағат 08:24-те өрт сөндірілді. Әуежайдың №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метр аумақта электр кабельдері жанғаны анықталды.