Руханият

Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы Абылай кісі қолынан қаза болды деген ақпарат тарады

Алматы қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді

Марқұм композитор Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы Абылай кісі қолынан қаза болды деген ақпарат тарады. 

Осыған жағдайға байланысты Алматы қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық ПБ қылмыстық іс қозғап, оқиғаның себебі мен мән-жайы анықтап жатыр.

Бұған дейін Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болғаны туралы хабарлаған едік. Әнші Мақпал Жүнісова Instagram-дағы жазбасында оған біреулердің қастандық жасағанын айтты.