Саясат

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды», - деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып 2022 жылдың 11 маусымында тағайындалған еді.