Әлем

Өзбекстанда әлеуметтік желіде есірткі жарнамалайтындарға күрес күшейді

интернетте есірткі немесе психотроптық заттарды жарнамалағандарға қылмыстық және әкімшілік жаза қолданылады.

 Өзбекстанда телекоммуникация желілерін пайдаланып және кәмелетке толмағандарды тарта отырып, есірткі немесе психотроптық заттарды жарнамалағандарға заң күшейді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Тиісті түзетулер Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Әкімшілік кодекстерге енгізілді. Құжатқа 5 қазанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв қол қойды.

Аталған кодекстерге жаңа баптарды енгізу жөніндегі шешімді Олий Мәжілістің заң шығарушы палатасы биыл сәуірде қабылдаған, кейін оны маусым айында сенаторлар мақұлдады.

Оған сай, интернетте есірткі немесе психотроптық заттарды жарнамалағандарға қылмыстық және әкімшілік жаза қолданылады.

Сондай-ақ, есірткіні сату мақсатын көздемей, сақтағандарға да жауапкершілік қатаң болмақ. Бұл бап бойынша қолданылатын ең ауыр жаза - 3 жылға бас бостандығынан айыру.