Зарина Дияс әлемдік рейтингте жоғарылады
Дияс бірден 81 ұпайға көтеріліп, 490-орынға жайғасты.
Қазақстанның танымал өкілі Зарина Дияс Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингіндегі орнын айтарлықтай жақсартты, деп жазады Sports.kz
WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасында Дияс бірден 81 ұпайға көтеріліп, 490-орынға жайғасты. Жарақатына байланысты екі жылға жуық алаңға шықпаған қазақстандық теннисші өткен айдың соңында алғаш рет WTA 1000 категориясы бойынша Бейжіңде (Қытай) өткен турнирдің негізгі жеребесіне жолдама алды. Ол іріктеуден өтті, бірақ 1/64 финалдық кезеңде Тайланд спортшысы Мананчае Савангкаевқа есе жіберіп алды — 2:6, 3:6.
Бұған дейін қазақстандық теннисші Әмір Омарханов ITF Juniors демеушілігімен мансабындағы алтыншы жүлдені жеңіп алғаны хабарланған болатын. Ал, Елена Рыбакина төртінші орыннан бесінші орынға төмендеді — ол америкалық спортшы Кори Гауффтан жеңіліп қалды.