Қоғам

Қарағанды облысындағы өрт кезінде құтқарушы қаза тапты

Бір құтқарушы қаза тауып, үшеуі ауруханада жатыр

Қарағанды облысындағы өрт кезінде құтқарушы қаза тапты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Қарағанды облысындағы өрт. Бір құтқарушы қаза тауып, үшеуі ауруханада жатыр

ТЖМ мәліметінше, 6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысындағы қызметтік міндетін атқару кезінде №24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапқан. Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген.

Министрлік қара жамылған отбасына көңіл айтып, жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілетінін айтып отыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталған

Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатқаны айтылды.