Қоғам

Азаматтардың 72,3%-ы атом электр стансасын салуды қолдайды –"AMANAT" партиясы қоғамдық саяси институты

Сауалнамаға 44 160 адам қатысты.

"AMANAT" партиясының Қоғамдық саясат институтының exit poll мәліметтері бойынша, азаматтардың 72,3%-ы атом электр стансасын салуды қолдайды, 27,7%-ы қарсы.

Сауалнамаға 44 160 адам қатысты.

Сауалнаманы учаскелерден шыға берісте exit poll әдістемесін меңгерген кәсіби интервьюерлер жүргізді. 600 интервьюер мен супервайзер тартылды. Сауалнама 300 дауыс беру учаскесінде жүргізілді.