Қоғам

ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев Сенат депутаты болып тағайындалды

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

 

"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Келесі кезекте Тоқаев Марат Қожаевты Парламент Сенатының депутаты етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.