Жақыныңа жәрдем бер!
Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйзелісте жүрген жандарды жақындарынан көмек сұрауға шақырып, үндеу жасады.
"Жаныңыз күйзелісте болса, жүрегіңіз тыныштықты аңсаса, уайым мен өкпе жегідей жесе, тіпті өз-өзіңізді жоғалтып бара жатқаныңызды сезе тұра, бөлісуден, көмек сұраудан, жақыныңызға хабарласудан тартынбаңызшы. Әлемдегі проблеманың ешқайсысы адам өмірінің құнындай емес! Сіз бәріне керек адамсыз. Мен бұл ойыммен неге бөліскенімді алматылықтар жақсы түсінеді. Себебі, танымал аспаз Бага есімді жігіттен айырылдық", – деп жазды ол.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала