Қоғам

«Уланатын адамдардың барлығына ақшасын қайтарамыз»: "Жаңа адамдар" мерзімі өткен тауарларды тапты

Рейдтен кейін полицияға арыз жазылды.

Жаңа адамдардың «Время истекло» азаматтық науқаны Алматы дүкендерінде жарамдылық мерзімі өткен өнімдер сатылмайтынына көз жеткізу үшін жүйелі түрде рейд жүргізеді. Бұл рейдтің антиқаһарманы Қарасай батыр көшесі 119к1 мекенжайында орналасқан «Наурыз маркет» дүкені болды.

Белсенділер бұл дүкенге осыған дейін екі  рет тексеріс жүргізген. Әрі  жарамдылығы өткен өнімдер сатылымын анықтаған еді. «Наурыз» басшылығы мәселені шешіп, мерзімі өткен тауарларды сатуды тоқтатуға бірнеше рет уәде берген. Алайда үшінші рейд кезінде жарамсыз өнімдер әлі де тәртіп бұзушы дүкен сөрелерінде тұрғаны белгілі болды. 

Сатушылардың қоңырауынан кейін келген дүкен иесі өз кінәсін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Мерзімі өткен азық-түлікпен толтырылған арбалардың жанында тұрып, ер адам белсенділерге оның дүкенінде мерзімі өткен өнімдер сатылмайтынын айтып, «тұтынушылар уланған жағдайда оларға ақшасын қайтаруға» уәде берді. Демек, «Наурыз маркет» дүкенінің иесі үшін адамдарды улау -– қалыпты жағдай.

Дүкенге жүргізілген рейдтен кейін полицияға арыз жазылды. Жаңа адамдар бұл сауда орнын, олар адамдарды улауын тоқтатпайынша, қайта-қайта тексеретін болады. Біз алматылықтарды тағы да мұқият ойлануға шақырамыз: сіздер шынымен де осы дүкеннен азық-түлік сатып алғыларыңыз келе ме?