Қоғам

Таяу Шығыстағы шиелініс: Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

СІМ олардың қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бүгін брифинг өткізіп, Қазақстан тараптарды ұстамдылыққа және күш қолданудан бас тартуға шақырды. 

Министрлік бүгін Қазақстанның Израильде консулдық есебінде 120 адам, Иранда – 102, Ливанда – 143 адам түр. Оның ішінде дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері бар. СІМ олардың қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты.

Сондай-ақ, еліміздің Израильдегі елшілігі мәлімдеме жасады. Қазақстандықтардан абай болуды және байланыста болуды сұрады. Міне, елшіліктің байланыстары:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)

+972 53 635 19 83 (мобильді, WhatsApp)

+972 55 273 38 13 (мобильді, WhatsApp)

+7 700 111 31 96 (WhatsApp)