Бірнеше қазақ киносы ағылшын тіліне аударылды
Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігі жазды.
«Тақиялы періште», «Қыз Жібек», «Махаббат бекеті» кинолары ағылшын тіліне дыбысталады. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігі жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында АҚШ елшілігінің қызметкерлері классикалық қазақ көркем фильмдерімен танысып, оларды ағылшын тіліне аударып көргісі келді. Сүйікті фильмдеріңіздің ағылшын тіліндегі толық нұсқасын көрер ме едіңіздер?, - делінген жазбада.
Ағылшынша аудармада:
Тайлақ - Lucas
Биші қыз - Lola
Сырлыбай би - Colin
Ермек Серкебаев - Johnibek
Орал - Chris