жұма, 4 қазан, 2024 22:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

15 тәулік қамауда отырған бұзақыны «бұзылған аялдамалар»  қарсы алды

15 тәулік қамауда отырған бұзақыны «бұзылған аялдамалар»   қарсы алды
фото Жаңа адамдар
Қала инфрақұрылымының талқандалуы — барлық азаматтардың қалтасына соққы

11 қыркүйекте Астана тұрғыны Ибадулла П. мас күйінде Ақжол даңғылындағы аялдаманы сындырған. Бұзақы ұсталып, 15 тәулікке қамауға алынған еді. 26 қыркүйекте оны бас бостандығынан айыру мерзімі аяқталды. Алайда Ибадулла П.-ның шытырманы мұнымен біткен жоқ. Уақытша ұстау изоляторынан шыға берісте бұзақыны аялдама костюмін киген «Жаңа адамдар» белсенділері қарсы алды. Олар бұзақыдан «сынған ағасы» алдында кешірім сұрауын талап етуге келді.

 Мұндай тосынсыйды  күтпеген бұзақы басында өзін ақтап алғысы келгенімен, жағдайдың ушығып бара жатқанын түсініп, жүрексініп, әдеттегідей темірін «сермеудің» орнына қашып кетті. «Жаңа адамда»р мұндай флешмоб қалалық инфрақұрылымды бұзғандардың әкімшілік жазасына жақсы қосымша болып, жабайы әрекеттердің қайталануын болдырмауға көмектеседі деп үміттенеді.

 «ВандализмOFF» жобасы еске салады: қала инфрақұрылымының әр талқандалуы — барлық азаматтардың қалталарына соққы. Бір аялдаманың орташа құны шамамен 3 млн теңгені құрайды, бұл ақшаны бұзақылар шабуылынан кейінгі жөндеу жұмыстарына емес, қаланы дамытуға жұмсауға болар еді. Аялдамалар енді үнсіз қалмайды, олар әрбір сынған әйнек пен зақымдалған отырғыштың «сұрауы» бар екенін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар