Петропавлда әйел үлкен ұлын қорғаншылық органдары ұрлап алып кетті деп үндеу жариялады
- авторОймақ
- 1 қазан, 2024
- 210
Петропавлда 4 жасар баламен ауруханаға түскен әйел үлкен ұлын қорғаншылық органдары ұрлап алып кетті деп үндеу жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Петропавл қаласында ауруханаға көптеген жарақаты бар 4 жасар баланың келіп түскенін хабарлаған еді. Анасы баланың баспалдақтан құлап кеткенін айтқан, бірақ дәрігерлер сәбидің денесіндегі соққылар құлағаннан емес, біреуден соққы көргеннен пайда болуы мүмкін деп мәлімдеген.
Ауруханаға баласымен түскен әйел енді 6 жастағы үлкен ұлын қорғаншылық органының қызметкерлері мектептен келе жатқан кезінде күштеп алып кеткен деп кінәлап, жылап отырып бейнеүндеу жасады.
«Қорғаншылық органдары баламды тапа-тал түсте мектептен келе жатқан жерінен ұрлап кетті. Балам олармен барғысы келмей қарсыласқан, жылаған. Ол кезде мен кіші ұлыммен ауруханада жатқан едім. Олар үлкен баламды ұрлап, балалар үйіне алып кетті. Мені ауруханада күшпен ұстады», - дейді әйел.
СҚО полициясы қазір «кәмелектке толмаған балаға денсаулығына қасақана орташа зиян келтіру» бабы бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.
Қазір 6 жастағы ұл балаларды қолдау орталығына орналастырылған.Тергеу кезінде анасы ПД қаулысымен баланың мүдделерін білдіруден шеттетіледі. Әйел өз ұлын ұрды деген күдікке ілінгендіктен, қамқоршылық органдары одан баланы алып кеткен.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Түркістанға жаңа әкім тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Филиппиндік бала күтуші өзіне жала жапқан кәсіпкерден моральдық шығын өндіріп алды
- авторОймақ
- 6 желтоқсан, 2024
Оралда әскерге шақырылған жігіт қашпақ болып, үшінші қабаттан құлап кетті
- авторОймақ
- 5 желтоқсан, 2024