Қоғам

Павлодарда 71 жастағы зейнеткер алғаш рет жеке куәлік алды

Галина Храповицкая осы уақытқа дейін құжатсыз өмір сүріп келген. Соңғы рет 1974 жылы кеңес төлқұжатын алған.

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, кейін Галина Храповицкая туған жеріне көшіп келген. Бірақ құжатты қалпына келтіру мәселесі бойынша ешқайда бармаған. Осы уақыт ішінде ол еш құжатсыз өмір сүрген. Соған сәйкес, ресми жұмысқа орналасу және медициналық мекемелерге жүгіну мүмкіндігі болмаған.

Көші-қон қызметінің мамандары азаматқа жеке куәлік алу үшін қажетті құжаттарды жинауға көмектесті.