Жұлдыз Әбдікәрімова 4 баласымен баспанасыз қалды
Үйді «Аграрлық кредиттік корпорацияға» кепілдікке салып жіберген.
Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында өзінің 4 баласымен баспанасыз қалғанын айтты. Ол компания басшылары мен бір топ адамның құрбаны болған.
Алайда содан бері арада 2 жыл өткен және ол балаларымен пәтерден-пәтерге көшіп шаршаған.
Айтуынша, бұл үйді «Аграрлық кредиттік корпорацияға» кепілдікке салып жіберген.
Бір қызығы, аудандық сотқа барарда Диляра жеңілетінімді айтты. Мен Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде құқығым тапталып, алданып жатқандығым туралы полицияға шағым түсірдім. Алайда олар іс қозғамады. Заң бойынша аудандық сотқа шағымдандым. Сот шешімі менің пайдама шешілмегендіктен, қалалық соттың апелляциялық алқасына шағым түсіруге мәжбүр болдым, – дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.