Енді балалар 1-сыныпқа емтихансыз қабылданады
Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев 1-сыныпқа қабылдауға емтихан өткізуге тыйым салынатын ереже енгізілгенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, құжатта бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді.
Қаныбек Жұмашев атап өткендей, екіншіден, тестілеуге, әңгімелесуге қатысудан психологиялық күйзеліс, конкурстық іріктеуді күтуден жағымсыз тәжірибелер жойылады. Бұл жағдай баланың психоэмоционалдық жағдайын нашарлату және оның денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.