Ойып жаздым бамбукке есіміңді
Атыраулық әйел Грузияның Батуми қаласында орналасқан Ботаникалық бақта сирек кездесетін бамбук ағашына ойып тұрып есімін жазған.
Атыраулық әйел Грузияның Батуми қаласында орналасқан Ботаникалық бақта сирек кездесетін бамбук ағашына ойып тұрып есімін жазған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы бұрынғы шенеунік, қазіргі баспагер Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Осындайымызды қашан қоямыз?..
Мына келіншек Грузияға қыдырып барған. Батумиде керемет Ботаника бағы бар. Осыдан 18 жыл бұрын болғам.
Атыраудан келген келіншек өсіп тұрған сирек бамбукке барып атын жазыпты.
Соңғы уақытта шетелден қайтқан қазақтар туралы жаңалық вандализм туралы болып тұр.
Атыңды шығарудың ізгі жолы көп емес пе?
Шетелге барсақ адамға да, мүлікке де зиян тигізбей, тыныш жүрейікші, – дейді ол.