Қоғам

Алматыдағы ЖОО-ның бірінде жаппай төбелес болды

Қаладағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында жаппай төбелес болды.

Студенттер арасындағы жанжалға байланысты Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Бостандық аудандық Полиция басқармасы 20 адамға қатысты бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғады. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деді Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Әуезов ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінен жас жігіттің секіріп, қаза болғаны жайлы жазған едік.