Жошы ханның 800 жылдығы: арнайы экспедиция Түркістанға жетті
- авторОймақ
- 24 қыркүйек, 2024
- 236
Жошы ханның 800 жылдығына орай өтіп жатқан «Талас-Ұлытау-Сарайшық» бағытындағы республикалық тарихи-этнографиялық экспедициясы Түркістанға жетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Inform.kz сілтеме жасап.
Қазақ хандығының астаны, Ұлы Жібек жолының орталығы болған қасиетті мекенге арнайы ат басын бұрған топ алдымен Отырар қалашығында болды. Олар ондағы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан археолог мамандармен сұхбаттасып, өңірдің тарихына жіті тоқталды.
Одан соң экпедициялық топ Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және маңындағы тарихи ескерткіштерді аралап, олардың тарихымен тереңірек танысты. Сондай-ақ, жаңа Түркістанның келбетіне айналған «Керуен сарай» кешенін де аралап, қала аумағындағы атқарылған жұмыстармен танысты.
Өңірдегі бірқатар нысандарды аралаған топ Қызылорда қаласына қарай жолға шығып, жол бойында Қыпшақ хандығы мен қазақ хандығының астанасы болған Сығанақ қалашығына тоқтады. Онда Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғалым хатшысы Асхат Сайлау Сығанақ қалашының тарихымен, археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан жерлермен таныстырды. Ары қарай экспедиция Қызылордада жалғасын таппақ.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.