Қоғам

"Ақ жол" мандатынан айырған депутаттың орнына кім келетіні белгілі болды

«Ақ жол» демпартиялық партиясының Ұлттық кеңесі партиялық тізім бойынша Серік Ерубаевты мәжіліс депутаты етіп сайлау туралы шешім қабылдады.

«Ақ жол» партиясы этикалық нормаларды бұзды және өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыптармен мандатынан айырған депутаттың орнына кім келетінін жариялады.

«Ақ жол» демпартиялық партиясының Ұлттық кеңесі партиялық тізім бойынша Серік Ерубаевты мәжіліс депутаты етіп сайлау туралы шешім қабылдады. Серік Ерубаев – партия төрағасының аймақтармен жұмыс жөніндегі орынбасары, VII-шақырылымдағы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты. Атырау қалалық мәслихатының III-V шақырылымының депутаты, 2003-2012 жылдары қалалық мәслихатының хатшысы. «Atyrau Construction services ltd» ЖШС бас директоры қызметін атқарған, – деді «Ақ жол» партиясының ресми сайты.

Ақпаратта тиісті құжаттар Орталық сайлау комиссиясына жолданатыны айтылған.

Еске салайық, бұған дейін «депутат мәртебесіне сай емес» деген себеппен Асқар Садықов Парламенттегі қызметінен босатылған болатын.