Саясат

Көктемгі су тасқынынан 300 млрд теңгедей шығын келген

Бұл туралы Үкіметтегі брифинг кезінде Бозымбаев айтты.

Көктемгі су тасқынынан алдын ала деректер бойынша, шамамен 300 млрд теңге шығын келген. Бұл туралы Үкіметтегі брифинг кезінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. 

Шенеуніктің айтуынша,  инфрақұрылымға келген зиян шамамен 53 млрд теңгедей. 

«Алдын ала есептеулерге сүйенсек, су тасқынынан келген шығын 300 млрд теңгеден асады. Бұл нақты сан емес. Әлі бөгеттер, жолдар, құбырлар қалпына келіп жатыр. Содан кейін нақты есепті береміз», - деді ол.

Қанат Бозымбаев "көктемгі су тақынынан келген шығынды жыл соңына дейін есептеп бітіреміз" деп отыр. Оның айтуынша, мемлекеттік бюджеттен үй салуға 137 млрд теңге жұмсалған.