Әлеумет

Ұялы телефоннан бас тартқан мектеп

Мектеп әкімшілігінің ұсынысын ата-аналар мен оқушылар қолдап отыр.

Астана қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы № 87  мектеп-гимназиясының оқушылары мектеп ішінде ұялы телефон ұстамайтын болып, шешім шығарды.

Қалалық білім басқармасының берген ақпаратына сүйенсек, мектеп әкімшілігінің ұсынысын ата-аналар мен оқушылар қолдап отыр.

«Мектепте телефон ұстаудан біржола бас тартқан соң оқушылардың білімге құштарлығы артты, бос уақытында шахмат, тоғызқұмалақ ойнап, достарымен сөйлеседі. Басында оқушылар бұл шешімге ренжіп, қарсылық танытқан. Бірақ, қазір сабақ үстінде телефондарын өз еркімен тапсырады. Бастама осыдан екі жыл бұрын басталған болатын», - деп хабарлады мектеп әкімшілігі.