Жанқош Тұраровтың алдағы жекпе-жегі өтпейтін болды
Бұл туралы боксшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың алдағы жекпе-жегі өтпейтін болды.
Бұл туралы боксшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
– Ассалаумағалейкум, достар! 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң жақ иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды. Қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлайтын боламын, – делінген жазбада.
Айта кетейік, 28 қыркүйекте Жанқош Тұраров венесуэлалық боксшы Корреа Пинтомен жұдырықтасуы тиіс болатын.
Қазақстандық боксшы кәсіби рингте 28 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. 20 рет қарсыласын нокаутқа жіберген.