"Күдіктілер іздестіріліп жатыр". Алматыдағы "Мята" лаунж-барда атыс болды
Атыс сенбі күні Алматыдағы Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы “Мята” лаундж барында болған.
Мәліметтерге сенсек, оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, сот-медициналық сарапшылар келді.
Өткен-кеткендердің айтуынша, төбелес болып, атыс болған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Бостандық аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
"Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Оқиғаның басқа мәліметтері әзірге айтылған жоқ.