Қоғам

LRT құрылысының тіректері 100% салынып бітті

Бұл туралы ресми ақпаратты City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі таратты

Астанада атышулы LRT құрылысының тіректері 100% салынып бітті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ресми ақпаратты City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі таратты.

«Жеңіл рельсті пойыз жүретін 22 шақырымға арналған 799 тіректің бәрі салынып бітті. Оған 2,5 мың жұмысшы жұмылдырылған», - деп хабарлады компания.

Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, осы тіректерді салу үшін 53,7 мың текше метр бетон мен 42 мың тонна арматура кеткен.