Әлеумет

Астаналық белсенді маршты қолдап, жалғыз өзі пикетке шықты

25 ақпанда Астанадағы феминистік митингтің тең ұйымдастырушысы Шәмшәт 8 наурызда Алматыда өтетін маршты қолдау үшін пикетке шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Қазақстанның екі мыңнан астам азаматы Оңтүстік Кореядан пана сұрайды – БАҚ – Бүгін мен 8 наурызда дәстүрімізді жалғастыруға рұқсат алу үшін пикетке шықтым. Шерулерге рұқсат етілмейді, өз идеяларымыз туралы айтуға, мемлекеттен іс-қимыл, жаңа заңдарды талап етуге рұқсат берілмейді. Заңдар жасалса да, олар тек ер адамдарға пайдалы. Мен бұл патриархалдық тәртіпті түбегейлі өзгерткім келеді, сондықтан әйелдер үшін заңдар қабылданғанын қалаймын. Біз өзіміз туралы айтып, жазуымыз, фильмдерімізді, қауіпсіз әлемімізді жасауымыз үшін әйелдердің қоғамда көбірек көрінгені маңызды, – дейді ол. Белсенді "патриархат біздің қоғамға, әйелдер қоғамына енгені соншалық, ер адамдар феминизм жайлы әйелдердің өзіне сөз бермей, көбірек айта бастады" деп санайды. – Бұл ойсыз әрі жалған көрінеді. Барлығымыз жиналып, митинг дәстүрі, 8 наурыз дәстүрі жалғасатынын айтқымыз келеді. Біз патриархал қоғам болғанымыз соншалықты, менің жеке бейбіт пикетіме үш ересек адам келді. Біздің еліміз өзінің шын бейнесін көрсетуден қорқады, өз халқын тыңдап, бірдеңені өзгерткісі келмейді, бірақ олар адам ресурстарын көбірек жұмсауға дайын, тек өз пікірімен басқа адамның үнін басқысы келеді, – деп қосты ол.

25 ақпанда Астанадағы феминистік митингтің тең ұйымдастырушысы Шәмшәт 8 наурызда Алматыда өтетін маршты қолдау үшін пикетке шықты, –деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сілтеме жасап. 

Белсенді "патриархат біздің қоғамға, әйелдер қоғамына енгені соншалық, ер адамдар феминизм жайлы әйелдердің өзіне сөз бермей, көбірек айта бастады" деп санайды.