V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы промо-ролик түсіруге арналған мобилографтар арасындағы байқау аяқталып, жеңімпаздар анықталды.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Ол Facebook-тағы парақшасында үздік деп танылған видеороликтерді жариялады.
– Түрлі әлеуметтік желілерде ұлы дала дүбірін жан-жақты насихаттап, белсенділік танытқан қатысушылардың барлығына ұйымдастырушылар атынан алғыс айтамын.
Сайысқа қатысқан 2,5 мыңға жуық үміткерлердің ішінде алыс-жақын шет мемлекеттерден де атсалысқан азаматтар бар.
Арнайы комиссия келіп түскен әрбір жұмысты мұқият қарай отырып, байқаудың қорытындысын шығарды, – деп жазды Берік Уәли.
Сонымен бас жүлде Берікбол Аймырзаға бұйырды.
Екінші орынға Аманқұл Ерасыл ие болып, үздік үштікті Арман Тұрлыбеков қорытындылады.
Руслан Абжал есімді қатысушының жұмысы төртінші орынға лайық деп танылды.
Жүлде қоры төмендегідей:
Гран-при:
сапар немесе іс-шара барысында Президенттің жеке мобилографы ретінде бір күн жұмыс істеу.
Мемлекет басшысының қолтаңбасы қойылған iPhone 15 Pro Max.
Мобилографияға арналған жабдықтар жиынтығы (жарық, микрофон).
1 000 000 теңге.
Президенттің грамотасы.
Екінші орын: 1 000 000 теңге.
Үшінші орын: iPhone 15 Pro Max.
Төртінші орын: 500 000 теңге.
Сондай-ақ басқа қатысушылар да назардан тыс қалған жоқ. Атап айтқанда, 5 және 20-орын аралығындағы жүлдеге ие болған азаматтарға ынталандыру сыйлықтары табысталады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Сыртқы істер министрлігі Украинадағы жағдайға қатысты түсінік берді
- авторОймақ
- 22 қараша, 2024